Қарағандыда 17 жастағы бойжеткен есірткі таратумен айналысқан

28 Қазан 2022, 05:45
896
Бөлісу:
Қарағандыда 17 жастағы бойжеткен есірткі таратумен айналысқан

Кәмелетке толмаған есірткі қоюшыны полицейлер 16 қазан күні Қарағанды көшелерінің бірінде ұстады. Бойжеткеннен ерекше иісті жасыл өсімдік салынған 20 қапшық тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сараптама нәтижесі қапшықтардағы зат салмағы 35,09 грамм кептірілген марихуана екенін көрсетті.

17 жастағы бойжеткен бұл «жұмысты» әлеуметтік желі арқылы тапқанын айтты. Қызмет ақысы оның биткоин әмиянына аударылған.

Ол қапшықтарды жасырын жерлерге тығып кетуі керек болған.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы