Қарағандыда 12 мың гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылды

13 Тамыз 2024, 17:48
366
Бөлісу:
Қарағандыда 12 мың гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: Жер ресурстарын басқару комитеті

Қарағанды облысында 12 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында ұзақ уақыт бойы жалпы ауданы 12 049 га болатын 15 жер учаскесі пайдаланылмаған.

ҚР Жер кодексінің 92-бабына сәйкес, ведомство компанияға ҚР Жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды бір жыл мерзімде жою туралы нұсқама берген.

Нұсқаманың орындалмауына байланысты сотқа учаскелерді мәжбүрлеп алып қою туралы талап қойылды. Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 3 шілдедегі шешімімен Департаменттің талап арызы қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді, - делінген Жер ресурстарын басқару комитеті таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы