Қарағанды-Теміртау арасында 8 көлік соқтығысып, 2 автобус жолдан шығып кеткен

16 Қаңтар 2022, 11:20
1502
Бөлісу:
Қарағанды-Теміртау арасында 8 көлік соқтығысып, 2 автобус жолдан шығып кеткен
VIDEO
Фото: qara.qala

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды-Теміртау арасында ауа райының қолайсыздығынан 8 көлік соқтығысты. Сондай-ақ, қатты жел мен көктайғақ салдарынан екі автобус жол шетіне аударылып қалған.

Бұл туралы әлеуметтік желілерде видеолар тарады.

Қарағанды облысында сенбіде ауа райы құбылып, сағат 9.00-ден бастап республикалық автожолдардың барлық учаскесі жабылды. Қарағанды-Теміртау тасжолында сегіз көлік соқтығысқан. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қарағанды-Теміртау автожолында сегіз көлік соғылды. Автобустар көктайғақ пен қатты жел салдарынан жол шетіне аударылып қалған. Абай қаласы мен Еркін кенті арасында бір жағдай тіркелді. Автобус жол шетіне шығып, содан кейін бір жағына құлаған. Барлық факт тіркелген. Олар бойынша тиісті сараптама тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Қарағанды облысының ТЖД 16 қаңтарда облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында боран, көктайғақ, ал оңтүстік-шығысында тұман болады деп ескертеді. Жел екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Өзгелердің жаңалығы