Қарағанды шахтасында тағы жарылыс болып, жеті адам қаза тапты

28 Қазан 2023, 09:21
1189
Бөлісу:
Қарағанды шахтасында тағы жарылыс болып, жеті адам қаза тапты
Фото: Архив BAQ.KZ

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те болған жарылыстан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, шахтада өрт шыққанын 28 қазанға қараған түні шахта шебері хабарлаған. Бұл кезде шахтада 252 кенші болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 204 кеншіні сыртқа шығарды.

Алдын ала болжам бойынша, лавада газ метан жарылған.

Оқиға орнында штаб құрылды. Костенко атындағы шахтада Қарағанды ​​облысының әкімі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры, Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары, Қарағанды ​​облысының прокуроры, арнайы құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүр.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қарағанды ​​облысы төтенше жағдайлар департаменті ақпараттық-психологиялық қолдау көрсету үшін сенім телефондары іске қосылды: (8-7172) 70-41-08, (8-7212) 51- 72-23.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ депутаттар Арселор Миттал басшылығын жауапқа тартуды талап еткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы