Қарағанды шаһары Қазақстанның IT-астанасына айналмақ

4 Маусым 2023, 07:26
625
Бөлісу:
Қарағанды шаһары Қазақстанның IT-астанасына айналмақ
Фото: gov.kz

Қарағандыда «Террикон алқабы» өңірлік ІТ-хабы талантты жастар үшін тартымдылық нүктесіне айналды. Хабтың өршіл жоспарларының қатарында 2025 жылға қарай 10 мың ІТ-маман даярлау бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылы «Террикон алқабының» ұйымдастыруымен 150-ден астам іс-шара өтті. Олар жас мамандарға жаңа білім алуға, ал тәжірибелі кәсіпкерлерге әріптестерінің тәжірибесін қабылдауға, кейстерді зерттеуге, серіктестер мен инвесторларды табуға мүмкіндік берді.

2022 жылы хабтың қолдауымен үш компания және 200-ден астам IT-мамандар орналастырылды.

Шамамен бір жыл бұрын Terricon school заманауи бағдарламалау мектебі іске қосылды. Ол Astana Hub «Tech Orda» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бағдарламалау мектептерін қаржылық қолдау бағдарламасына қатысады.

Қазіргі уақытта мұнда оқытудың төрт бағыты бойынша 54 адам білім алуда. Биылғы жылы дизайн, Python, PHP, С#, Kotlin сияқты бағыттар бойынша дайындық курстарын енгізу жоспарлануда.

Биыл 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Ерте кезеңдегі жобаларға инвестициялау үшін венчурлік қор құру, жобаларға бірлесіп инвестициялау үшін салалық серіктестерді тарту, бизнес-періштелер қауымдастығын қалыптастыру, MedTech-Акселераторын өткізу, хаб кеңістігін кеңейту және R&D-орталығын ашу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта «Террикон алқабында»" 60–70 орындық екі дәріс залы бар. Сондай-ақ ақылы және ақысыз коворкингтер мен подкаст студиялары бар. Біздің басты мақсатымыз – 2025 жылға қарай 10 мың ІТ-мамандарды оқыту. Ол үшін қаламыздың жоғары оқу орындары мен колледждері арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын боламыз, – дейді ІТ-Хаб директоры Сабыр Ниязов.

Өзгелердің жаңалығы