Қарағанды қаласында су тасқыны қаупі бар учаскелер әуеден бақыланды

26 Наурыз 2023, 20:25
1106
Бөлісу:
Қарағанды қаласында су тасқыны қаупі бар учаскелер әуеден бақыланды
PHOTO
Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов пен Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының бастығы Нұрлан Шакенов қаланың іргелес аумағына әуеден барлау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай,  қаланың Михайловка бөлігі, Федоров су қоймасы, саяжай қоғамдары, Соқыр өзендерінің арналары, Көкпекті, Солонка, Оңтүстік-Шығыс секторы, Күнгей ауданы, Тәттімбет - Мұқанов көшесінің іргелес дала белдеуі және Рабочий кенті зерттелді.

Қарағанды қаласында су тасқыны қаупі бар учаскелер әуеден бақыланды

Ұшу барысында қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде канал салу бойынша жүргізілген жұмыстар, сондай-ақ ұзындығы 7,2 км Рабочий кентінде Солонка өзенін санациялау және қорғаныс білігін салу бойынша жұмыстар қаралды.

Қарағанды қаласында су тасқыны қаупі бар учаскелер әуеден бақыланды

Өзендер қысқы режимде, қар жамылғысы шамамен 50% құрайды.     

 

Қарағанды қаласында су тасқыны қаупі бар учаскелер әуеден бақыланды

                           

Өзгелердің жаңалығы