Қарағанды полицейлерінің жеделдігі Екатеринбург тұрғынының өмірін сақтап қалды

26 Қыркүйек 2022, 21:58
12197
Бөлісу:
Қарағанды полицейлерінің жеделдігі Екатеринбург тұрғынының өмірін сақтап қалды
Фото: Polisia.kz

Қарағанды полицейлерінің жеделдігі Екатеринбург тұрғынының өмірін сақтап қалды,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Ағайындылар Константин мен Андрей Усачевтер Екатеринбургтен Бішкекке туыстарына бару үшін автокөлікпен жолға шыққан.

 Көліктің басқаруында үлкені Константин болған. Ол осы жолда өзінің 64 жасқа толған туған күнін қарсы алғанын айтады. Қос ағайынды Қарағандыға аялдап, қонақ үйде демалып, ертесіне Балқашқа қарай жолға шыққан.

 Біз шамамен қаладан 80 шақырым өткенде ағам жолдың жиегіне тоқтап, өзін нашар сезініп тұрғанын айтты. Мен Константиннің маңдайына сулы шүберек қойдым. Ал оғаның жағдайы уақыт өткен сайын нашарлай түсті. Не істерімді білмедім. Біз жазық далада болдық. Ұялы байланыс жоқ, сондықтанда ешкімге хабарласып көмек сұрай алмадым. Бір уақытта біздің көлігіміз тұрған жерге полиция қызметкерлерінің көлігі тоқтап, “не болды?” деген дауысты естідім. Содан кейін мен олардың Қарағанды облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ерназар Бенашев пен Мақсат Дүйсенбай екенін білдім. Кейін олар маған мен ағама көмек көрсетіп жатқанда жолдың қарсы бағытында өткенін айтты. Кейін біздің ұзақ тұрғанымызды түсінген полицейлер қайтар жолда бізге тоқтап, не болғанын сұрауға келген екен, – дейді Андрей Усачев.

 Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын білгеннен кейін бірден шала ессіз жатқан Константин Усачевті өздерінің автокөлігіне мінгізген. Ал біреуі Андрей Усачев көлік жүргізу білмегендіктен олардың автокөлігін басқаруға отырған.

 Қарағандыға келер жолда полиция қызметкерлері жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалған. Қалаға кіре берістегі жанар-жағармай бекетінде ауыр халдегі азаматты дәрігерлер күтіп алған. Азаматқа дәрігерлер укол салып, кардиограмма түсіріп, оған “инфаркт миокарда” диагнозын қойған.

 Ауыр халде болған Константин Усачевті дәрігерлер жедел арада ауруханаға жатқызу керектігін айтқан. Сондықтанда полиция қызметкерлері жедел жәрдем көлігінің алдына түсіп, бірден ауруханаға дейін жол бастап келген. Ал дәрігерлер ресейлік азаматты реанимация бөліміне жатқызған. 

 Маған дәрігерлер егерде 20-30 минут кешіккенімізде ағамды аман алып қалу, қалмау қауіпі болғанын айтты. Қазір оның жағдайы, жүрек қағысы қалпына келді. Келесі күні оны жалпы палатаға шығарды. Адам өміріне араша түсіп, бізге дер кезінде көмектескен полиция қызметкерлеріне алғыстан басқа айтарым жоқ. Олардың жұмысына тек жақсылық тілеймін, – деді Андрей Усачев.

Өзгелердің жаңалығы