Қарағандыда «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесіп өткізілген «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасында ауыл тұрғынынан киік мүйіздері мен тіркелмеген 5 қару тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара барысында 34 жастағы ауыл тұрғынының жылқы баптаумен айналысатын шаруашылықтың малшысы тұратын үйіне назар аударды. Оны тексеру барысында полиция қызметкерлері бес дана киік мүйізін тәркіледі. Малшы киік мүйіздерін жайылымнан тауып алғанын айтты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары малшы тұратын вагоннан тіркелмеген 5 қару тәркіледі. Алынған қаруларға сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Оқи отырыңыз: