Қарағанды облысының полицейлері есірткі өсірген тұрғынды анықтады

1 Шілде 2023, 11:14
665
Бөлісу:
Қарағанды облысының полицейлері есірткі өсірген тұрғынды анықтады
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғынынан 7291 түп қарасора және алты қап кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шет ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны құрамында есірткі бар қарасора өсімдігін өсірумен айналысатынын анықтады. 

30 маусым күні оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы аталған ақпаратты растады. 

62 жастағы ауыл тұрғынының жеке үйінің ауласынан полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар қарасораға ұқсас өсімдіктердің плантациясын анықтады. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан 7291 түп тәркіледі. 

Сондай-ақ қора ішінен алты қап және екі бөтелке жасыл түсті кептірілген марихуана есірткісіне ұқсас зат табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабына “Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру” сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы