Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз бұрғыланып жатыр

14 Наурыз 2023, 21:16
763
Бөлісу:
Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз бұрғыланып жатыр
PHOTO

Қарағанды облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерден қар шығарылып, нөсер және су өткізгіш құбырлар тазартылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзендерде мұздың ағуы кезінде толып кетпеу үшін мұзды кесу және бұрғылау басталды.

Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз бұрғыланып жатыр

Су тасқыны жағдайы туралы аппараттық кеңесте облыстық ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов баяндады.

Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз бұрғыланып жатыр

– Космомониторингтің мәліметінше, бүгінде облыс аумағының 75 %-ы қар астында. Нұра өзенінің бассейні бойынша ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық мәннен 28%-ға жоғары, қалған өзендер нормадан 3-10%-ға төмен. Облыстың ірі су қоймаларынан – Самарқанд және Ынтымак су қоймаларынан – шығыны 5–8 текше метр/сек санитариялық төгінділер жүргізілуде. Елді мекендерден 2,1 млн текше метр қар шығарылды, – деп хабарлады ведомство басшысы.

Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз бұрғыланып жатыр

Су тасқыны қаупі бар өңірлерде алдын алу шаралары жалғасуда. 110 км су бұру траншеялары салынды, 158 км каналдар мен арықтар тазартылды, 3923 бірлік су өткізгіш құбырлар мен 398 көпір тазартылды.

Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз бұрғыланып жатыр

Су тасқынына қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы қалалар мен аудандардың әкімдері де баяндады.

Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз бұрғыланып жатыр

Облыс орталығында нөсер кәріздерін тазартуға баса назар аударылды. Солонка өзеніне санация жүргізілді. Сонымен қатар, Оңтүстік-Шығыста, Мұқанов көшесінің бойында даладан еріген су ағындарын ұстап тұру үшін қорғаныс білігі жасалды. Университет көшесінде су өткізгіштер тазаланып, бақылау камерасы орнатылды. Қарағанды әкімі Мейрам Кожуховтың айтуынша, қажет болған жағдайда Тәттімбет көшесінің көпқабатты үйлерінің бойында қапшықтан қорғаныш білік салынады.

Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз бұрғыланып жатыр

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев алдын алу шаралары бойынша тапсырма берді.

– Су тасқыны процестері басталды. Тасқын сулардың апатсыз өтуі үшін су бұру, арықтар, науалар, нөсерлі кәріз жүйелерінің дайындығын барлық жерде қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, жеке аумақтарды қар мен қоқыстан тазарту бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жандандырыңыз, – деді өңір басшысы.

Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз бұрғыланып жатыр

Сонымен қатар, барлық гидроқұрылыстардың дайындығы мен жұмысы тұрақты бақылауда. Аптаның соңына дейін автожолдардағы су өткізу құрылыстарын тазалауды аяқтау қажет.

Өзгелердің жаңалығы