Қарағанды облысының өзендерінде мұз жару жұмыстары басталды

23 Наурыз 2023, 16:47
694
Бөлісу:
Қарағанды облысының өзендерінде мұз жару жұмыстары басталды
Фото:    Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

23 наурыздағы жағдай бойынша облыста су тасқыны жағдайы тұрақты. Елді мекендерді су басып, жолдарды су шаю тіркелген жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белсенді су басу процестері байқалмайды. Ғарыштық мониторинг деректері бойынша облыстың  69 пайыз аумағын қар жауып тұр. Самарқанд су қоймасынан көлемі 15 м3/с, ағыны 7,5 м3/с, Ынтымақ су қоймасынан 8 м3/с, ағыны 16,7 м3/с су төгу жалғасуда. Шерубай-Нұра су қоймасынан ағындар жоқ.

Облыста 4845 бірлік және 463 көпір көлемінде су өткізу құбырларын тазарту жұмыстары аяқталды.

Қар тазалау жұмыстары жалғасуда, облыстан 2 млн 238 мың м3 қар шығарылды. 135 шақырым дренаждық траншеялар кесіліп, 185 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды.

Қарағанды облысының өзендерінде мұз жару жұмыстары басталды

Өңірде 22 наурыздан бастап өзендерде мұзды ұсақтау және қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары басталды. Бұқар-Жырау ауданындағы Ботақара, Мұстафина, Жастілек, Петровка және Теміртау қаласындағы 7 учаскеде 3390 шаршы метр аумақта кесу-жару жұмыстары жүргізілді.

Су тасқыны кезеңіндегі ережелер мен іс-шаралар бойынша тұрғындармен белсенді профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша наурыз айының 3-ші онкүндігінің соңында ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілуде, осыған байланысты ТЖД тұрғындарға аула аумағын қардан белсенді түрде тазалауды, арықтарды және тұрғын үйлердің жанындағы каналдар тазартуды ескертеді. Төтенше жағдайдың туындауының барлық алғышарттары туралы 112 немесе 433636, 433737 телефондары арқылы хабарлаңыз. Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда, - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы