Қарағанды облысының автожолдарында бірнеше адам құтқарылды

15 Қаңтар 2024, 21:37
423
Бөлісу:
Қарағанды облысының автожолдарында бірнеше адам құтқарылды
Фото: BAQ.KZ -архив

14 қаңтарда Осакаров ауданында "Осакаровка-Молодежный" автожолының 49 шақырымында ТЖД күштерімен қар құрсауында қалып қойған 3 автокөліктен 8 адам құтқарылып Молодежный кентіне жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сайтына сілтеме жасап.

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Теміртау қаласы блокпосттан ТЖД күштерімен кептелісте тұрған автокөліктерден 16 адам жол бойындағы кемпингке дейін жеткізілді.

Шет ауданында "Ақой-Сейфуллин-Ақсу-Аюлы-Ақтоғай-Балқаш" автожолының 133 шақырымында Нұра ауылы ауданында ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштерімен "Setra" техникалық ақаулы автобусынан Ақтоғай кентіне 32 адам (оның ішінде 5 бала) құтқарылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша автожолдар барлық бағыттар бойынша ашық.

Қатаң ұсынамыз:

- автожолдардағы қозғалыстың жабылуы немесе шектелуі туралы ақпаратты қадағалау;

- ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз;

- жабылу орындарында автожолдарда көлік құралдарының жиналуын жасамаңыз.

Ауа-райының өзгеруі және автожолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат "Дармен" мобильді қосымшасында, ТЖД-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді.

Өзгелердің жаңалығы