Қарағанды облысының алты аймағында құрғақ шөп өртенді

4 Қыркүйек 2022, 14:36
1029
Бөлісу:
Қарағанды облысының алты аймағында құрғақ шөп өртенді

Қарағанды облысында өткен тәулікте 3 қыркүйекте 190 га астам алаңда алты аймақта құрғақ шөп өртенді, Қарқаралы, Осакаров, Абай және Шет аудандарында өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.

Осакаров ауданында 3 қыркүйекте Қарағайлы ауылының маңында, Коллективное ауылынан шығысқа қарай 10 шақырым жерде 60 га алаңда құрғақ шөп өртенді, дала өртін сөндіруге облыстық ТЖД және ерікті өрт сөндіру құралымдарының күштері мен құралдары: 17 адам және 5 техника жұмылдырылды.

Абай ауданының, Қарқаралы ауданының Бесоба ауылдық округтерінде, Шет ауданының Қарғалы ауылының маңында құрғақ шөптің жануы жойылды.

Шет ауданы Жамбыл кентінің жанындағы құрғақ шөптің жануы бақылауда қалып отыр.

"Қазгидромет" Қарағанды облысының аумағында 4 қыркүйекте 37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады деп ескертеді.

Тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, табиғаттағы отпен абай болуға шақырады.

Дала жануы өте қауіпті. Көптеген жағдайларда олар басқа да апатты өрттердің – орман өрттерінің немесе елді мекендердегі өрттердің себебі болады, - деп ескертеді ТЖД.

Өрт анықталған жағдайда дереу 101 және 112 телефондарына қоңырау шалу қажет.

Өзгелердің жаңалығы