Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Костенко шахтасында 36 жастағы кенші қаза тапты. Мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.
Бұл кен орны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі.
Бүгін Костенко шахтасында жазатайым жағдай салдарынан УСМ мердігер ұйымының қызметкері (1986 жылы туған) көз жұмды. Мемлекеттік комиссия құрылды. Оқиға тергелуде, – деп жазды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.