Қарағанды облысындағы бір ауылға карантин енгізілді

7 Сәуір 2023, 04:13
813
Бөлісу:
Қарағанды облысындағы бір ауылға карантин енгізілді
Фото: aqtobegazeti.kz

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Үміткер ауылында жылқы малы арасында тарған эпизоотикалық лимфангит инфекциясына байланысты карантин енгізілді, деп хабарайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округі Үміткер ауылы аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангоит ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін. Аудандық ветеринария бөлімі жануарлардың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пункттерде ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдай жасап, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін, - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған ауылдық округ әкімінің шешімінде.

Өзгелердің жаңалығы