20 маусым күні сағат 18.15 шамасында республикалық маңызы бар Алматы - Екатеринбург тас жолында, Қарағанды қаласына 20 шақырым жетпей Toyota Camry және Nissan автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам, оның ішінде екі көліктің жүргізушілері алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Екі кәмелеттік жасқа толмаған бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды, - деп хабарлады полицейлер.
Оқи отырыңыз: