Қарағанды ​​облысында жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр

17 Ақпан 2024, 17:38
530
Бөлісу:
Қарағанды ​​облысында жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

14 ақпанда ер адам қарда жүретін көлікпен мал іздеуге шығып, адасып қалған. Оны үш күннен бері іздеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

17 ақпанда Қарағанды облысында қыстаудан батыс бағытта Бестамақ ауылына қарай жоғалып кеткен ер адамды ТЖД, туысқандарының, полиция бөлімінің және жергілікті тұрғындардың күштерімен іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін іздеу жұмыстарына ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы тартылды, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы