Қарағанды облысының Можай ауданында шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі балшыққа батып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Қалың балшықтың кесірінен медициналық көлік қозғалысын жалғастыра алмай қалған. Дер кезінде көмекке жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы техникамен көлікті жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарды, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жедел жәрдем бригадасы қызметін жалғастырып, шақырту орнына жеткен.
Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарын ауа райының қолайсыз кезеңдерінде жолға шығарда абай болуға және қажет болған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға шақырады.