Қарағанды облысында жастарға көмектесетін мобильді пункттер іске қосылды

13 Қаңтар 2023, 14:36
770
Бөлісу:
Қарағанды облысында жастарға көмектесетін мобильді пункттер іске қосылды

Қарағанды облысының қалалары мен ауылдарына жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып беру үшін мамандар барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мобильді топ Абай ауданының Мичурин ауылдық округінде болып қайтты.

Біз жастар үшін мобильді пункттер ұйымдастырдық. Олар облыстың елді мекендері бойынша жүретін болады. Жергілікті жерде жастарға жұмыспен қамту, тұрғын үй, денсаулық сақтау және басқа да өзекті бағыттар бойынша кеңес беріледі, - деп хабарлады «Жастар рухы» жастар қанатының Қарағанды филиалы.

Мичурин ауылдық округіне Жастар ресурстық орталығының, халықты жұмыспен қамту орталығының, «Отбасы банк» АҚ, Халыққа қызмет көрсету орталығының, медициналық сақтандыру қорының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары келді.

Ауылдарды аралау апта сайын өтеді деп жоспарланған. Мобильді пункттердің кестесімен «Жастар рухы» филиалының Instagram парақшасында танысуға болады: @jastarruhy.qaragandy.

Өзгелердің жаңалығы