Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағанды облысында жаңа жедел басқару орталығы іске қосылды

Кеше, 22:53
125
Бөлісу:
 Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысының Бұқар-Жырау ауданында аудандық полиция басқармасы жанынан жедел басқару орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Орталық Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес, «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов қатысып, орталықтың техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

Жаңа орталыққа аудан орталығында орнатылған 3 мыңға жуық бейнебақылау камерасының 1500-і қосылған. Сондай-ақ, 44 білім беру ұйымындағы 1523 камераның 940-ы орталыққа біріктіріліп, тәулік бойы бақылау жүргізілуде.

Негмет Исмагуловтың айтуынша, жедел басқару орталықтарын облыстың барлық қала-аудандарында кезең-кезеңімен іске қосу қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, қылмыстың алдын алуға және оны жедел ашуға мүмкіндік береді.

Орталықтың мүмкіндіктері бейнебақылаумен шектелмейді. Ол жедел жәрдем көліктеріндегі камералармен, учаскелік инспекторлардың бейнетіркегіштерімен және полиция дрондарының бейнежазбаларымен интеграцияланған. Бұл полиция қызметіндегі цифрландыруды дамытуға жол ашады.

Іссапар барысында департамент басшысы аудандық полиция басқармасының жеке құрамымен кездесіп, 2025 жылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, алдағы кезеңге қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы