Қарағанды облысында су басу қаупі бар жерлерге мониторинг жүргізіліп жатыр

12 Наурыз 2022, 15:52
1930
Бөлісу:
Қарағанды облысында су басу қаупі бар жерлерге мониторинг жүргізіліп жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысындағы су басу қаупі бар учаскелер мен гидроқұрылыстар бақылауға алынды. 

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Барлық маңызы бар автожолда су өткізу құбырлары мен көпірлерді тазарту жалғасуда.

Қарағанды облысында су басу қаупі бар жерлерге мониторинг жүргізіліп жатыр

Құтқарушылар облыс әкімі Жеңіс Қасымбекке көктемгі су тасқынына дайындық туралы баяндады. Өңір басшысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпановпен бірге Бұқар Жырау және Абай аудандарындағы Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің арналарын тексерді. Бұл аумақтар Қарқаралы, Осакаров және Нұра аудандарымен қатар су басу қаупі жоғары өңірлер тізіміне кіреді.

Қарағанды облысында су басу қаупі бар жерлерге мониторинг жүргізіліп жатыр

Құтқарушылардың айтуынша, су тасқыны учаскелері мен гидроқұрылыстар бақылауға алынды. 760 мың текше метр қар шығарылды.

Жеңіс Қасымбекке Ғ. Мұстафин кентіндегі жағдай да таныстырылды. Онда елді мекеннің бойында ұзындығы 6 шақырымнан асатын қорғаныс білігі салынған. 

Сонымен қатар Садовое, Чкалово, Көкпекті, Жастілек ауылдарындағы топырақ үйінділері бекітіліп, нығайтылды.

Абай ауданына барған кезде облыс әкіміне Жартас су қоймасынан Сасықкөл көліне дейін ұзындығы 16,5 км Шерубай-Нұра өзенінің санациясы туралы айтылды. Юбилейный ауылында үлкен суға қарсы алдын-алу шаралары қабылданды. Қорғаныс білігі де бар.

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпановтың айтуынша, Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің бассейндері бойынша екі қар өлшеу шаралары жүзеге асырылды. Қардағы ылғал қоры норманың 10-нан 45%-ға дейінгі көрсеткішін құрайды. Бұл жағдайда жерде 1-ден 4 см-ге дейін қар мен мұздың жоғары тығыздығы байқалады. Биылғы жылы тасқын су ағыны көп жылдан бері байқалып отырған орташа деңгейден төмен болады деп күтілуде. Бірақ барлық тәуекелдер, соның ішінде қардың еру жылдамдығы мен жауын-шашын ескеріледі.

Қарағанды облысында су басу қаупі бар жерлерге мониторинг жүргізіліп жатыр

Космомониторинг деректері бойынша облыс аумағының 80%-ы қар астында. Дегенмен су қоймалары толып жатқан жоқ.

Қарағанды облысында су басу қаупі бар жерлерге мониторинг жүргізіліп жатыр

Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар үшін өңірде тиісті қызметтердің күштері мен құралдары дайындалды, материалдық-техникалық және қаржылық база құрылды.

Өзгелердің жаңалығы