Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

20 Қараша 2024, 22:20
623
Бөлісу:
 BAQ.KZ - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Күн райының бұзылуына байланысты Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы мәлім етті.

20 қарашада сағат 21:30-да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 970-1135 шақырымы аралығында (Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Сондай-ақ "Қызылорда-Павлодар" автожолының 1135-1206 шақырымы аралығында (Қарағанды облысының шекарасы - Шидерті ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы үшін жабық, - делінген хабарламада.

Компания ұсынған мәліметке сәйкес, жолдарды 21 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы