Қарағанды облысында көктемгі аң аулау маусымы 2 сәуірде ашылады

6 Наурыз 2022, 05:44
1620
Бөлісу:
Қарағанды облысында көктемгі аң аулау маусымы 2 сәуірде ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2-16 сәуір аралығында Қарағанды облысының оңтүстік бөлігінде, атап айтқанда, Жаңаарқа, Шет, Ұлытау және Ақтоғай аудандарында аң аулау маусымы басталады, деп жазды Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

16-30 сәуір аралығында аңшылық Осакаров, Бұқар Жырау, Нұра, Қарқаралы және Абай аудандарында басталады.

Аңшылардың жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты, аңшы куәлігі, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары болуы қажет. Оқ қаруымен аң аулау кезінде – азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат құжаты болуы шарт.

Аң аулау бекітілген мерзімдер мен жанурлардың түрлеріне сәйкес қатаң белгіленген жерлерде ғана болады. Бұл ретте фауна өкілдерінің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің тіршілік ету ортасын сақтау және жақсарту үшін жануарлар әлеміне ұқыпты қарау қажет. Сондай-ақ, оқ қаруын қолданған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Рұқсат құжаттары болмаған, аң аулау ережелері сақталмаған, сондай-ақ жануарлардың сирек түрлерін аулау кезіндегі аңшылардың іс-әрекеттері браконьерлік болып бағаланады, бұл үшін құқық бұзушыларға жауапкершілік жүктеледі.

Өзгелердің жаңалығы