Қарағанды облысында балықтарды қорғау шаралары жүргізіліп жатыр

23 Ақпан 2024, 09:06
378
Бөлісу:
Қарағанды облысында балықтарды қорғау шаралары жүргізіліп жатыр
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды облысының су қоймаларында балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Осы аптада Федоров су қоймасында Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары Қарағандының ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығының жедел тобымен бірлесіп, балықтардық қырылуына қарсы іс-шаралар өткізді.

Қамыс шоқтарын орнату үшін, 30 ұңғыма бұрғыланды және оттегі деңгейі өлшенді.

Судағы оттегі қалыпты. Жергілікті атқарушы органға балық пен басқа да су жануарлары өлімінің алдын алу үшін резервтік су айдындарының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу ұсынымдары берілді. ҚР "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорындағы күзет жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді, – дейді Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясында.

Қарағанды облысында балықтарды қорғау шаралары жүргізіліп жатыр

Бір ай бұрын Абай ауданының Саран су қоймасында 30 ұңғыма бұрғыланып, қамыс баулары орнатылды.

Балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар қаңтардан наурызға дейін өткізіледі. Қарағанды облысында 96 резервтік су айдынына Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары қызмет көрсетеді. Бекітілген 107 су айдынында бұл бағыттағы жұмыстарды табиғат пайдаланушылар жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы