Қарағанды облысында азық-түлік бағасын көтерген 155 кәсіпкер жауапқа тартылды

Құзырлы орган азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және баға мониторингін жүргізу жұмыстарын жалғастырады.

 BAQ.KZ архиві 20 Тамыз 2026, 04:27
20 Тамыз 2026, 04:27
152
Фото: BAQ.KZ архиві

Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жүргізілген бақылау барысында бірқатар заң бұзушылық анықталды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі мәлім етті.

Мәселен, дүкендердің бірінде 205 теңгеден сатып алынған күріш 556 теңгеден сатылып, оған 160%-дық сауда үстемесі қосылған. Тексеруден кейін өнім бағасы 235 теңгеге дейін төмендетілді.

Сондай-ақ қатты ірімшікке 64%, қара шайға 130%, тауық фаршына 45%-ға дейін заңсыз үстеме қосылғаны анықталды. Нәтижесінде бұл тауарлардың бағасы да төмендетілді.

Жыл басынан бері облыста 170 кәсіпкер тексеріліп, 155-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.

Тексеру барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке белгіленген шекті сауда үстемесін сақтау, баға белгілерінің болуы, кассалық тәртіп, сондай-ақ тауарларды таңбалау және өткізу талаптары қаралды.

Құзырлы орган азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және баға мониторингін жүргізу жұмыстарын жалғастырады.

Наверх