Қарағанды облысында ауылдастарының малын ұрлауды кәсіп қылған қылмыстық топ ұсталды

Ұсталған азаматтар кінәсін толық мойындады.

3 Тамыз 2026, 14:26
АВТОР
 видеодан скриншот 3 Тамыз 2026, 14:26
3 Тамыз 2026, 14:26
215
Фото: видеодан скриншот

Нұра ауданында өз ауылын өздері тонаған сериялық мал ұрылары ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Қарағанды облысында өз ауылдастарының малын жүйелі түрде ұрлап келген қылмыстық топ қолға түсті. Күдіктілер наурыз айынан бері 14 ірі қара мен 24 қойды қолды еткен. Полицейлер күдіктілерді ұстап, ұрланған малдың бір бөлігін (7 сиыр, 3 қой) иелеріне қайтарды. Қалған мал Астана мен Ақмола облысында сатылып кеткені белгілі болды, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

Уақытша ұстау изоляторына қамалған азаматтар кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қарағанды полициясы (@policeofkaraganda)

Наверх