Қарағанды облысында ауыл ішіне кірген түлкі тұрғындарды шошытты

Түлкі терезеге секіріп, үйге кіруге тырысқан.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 11:08
Бүгiн 2026, 11:08
340
Фото: видеодан скриншот

Қарағанды облысында ауыл ішіне кіріп кеткен түлкі тұрғындарды шошытты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды облысы Ошағанды ауылының тұрғыны әлеуметтік желіде агрессивті түлкінің видеосын жариялады.

Куәгерлердің айтуынша, жануар терезеге секіріп, үйге кіруге тырысқан. Оқиға шамамен сағат 17:35-те болған. Жағдай туралы бірден ауыл чатына және әкімдікке хабарланған.

Мен әкімге қоңырау шалдым, ол ветеринарлық қызметпен байланысуға уәде берді, бірақ осы уақытқа дейін ешкім келген жоқ, - деп жазды жергілікті тұрғын.

Ауыл тұрғындары түлкінің бұл әрекеті үлкен қауіп тудыратынын айтып отыр. Адамдар балалар мен үй жануарларының қауіпсіздігіне алаңдаулы.

BAQ.KZ редакциясы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Батпақты ауылдық округінің әкімдігіне хабарласқан болатын.

Бірақ телефон тұтқасын көтерген мамандар түлкіге қатысты сұраққа тек әкім жауап бере алатынын айтты. Әзірге әкімнің кеңседе жоқ екенін алға тартып, кейінірек хабарласуды сұрады. 

Еске салайық, Қостанай облысында тұрғын үй подъезіне түлкі кіріп кетіп, адамдарды шошытқаны туралы жаздық.

Наверх