Қарағанды облысында -6 градусқа дейін үсік болады

4 Мамыр 2020, 16:37
1041
Бөлісу:
Қарағанды облысында -6 градусқа дейін үсік болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2020 жылдың 4 мамырында Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.  

Түнде 6 мамырда Қарағанды облысында кей жерінде 1-6 градусқа дейін үсік сақталады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, күндіз 5 мамырда Атырау облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын жел, түнде кей жерде, күндіз көп бөлігінде 15-20 м/с. 

Атырау қаласында күндіз 5 мамырда шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

5 мамырда Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерде найзағай күтіледі.

Орал қаласында 5 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.        

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 75-95%.

Өзгелердің жаңалығы