Қарағанды облысында 36 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр

23 Қазан 2023, 16:39
688
Бөлісу:
Қарағанды облысында 36 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Мемлекет басшысы атап өткендей, экономиканың өсуі үшін ең маңызды ресурс инвестиция тарту, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысында 401,4 млрд теңге сомасына 36 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

Уәкілетті органдар инвесторлармен тиісті түрде жұмыс жүргізбейтіні, олардың заңды құқықтары бұзылатыны анықталды.

Мысалы, инвестор «KyzylArayCopper» ЖШС 700 жұмыс орнын беретін, құны 112,5 млрд теңге болатын «Алмалы-2» тау-кен өңдеу кешенінің құрылысы" жобасын іске асыруда.

Жобаны іске асыру барысында инвестор шаруа қожалықтарымен келісімге келе алмағандықтан, ауыл шаруашылығы жерлері арқылы өтетін электр желілерін салуды ұзақ уақыт бастай алмаған.

Іске асырылып жатқан жобаның маңыздылығына қарамастан, жергілікті атқарушы орган мәселені шешуге ешқандай шара қолданбаған.

Ол аздай, Шет ауданының әкімі «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңның талаптарын бұза отырып, ЖШС-мен ынтымақтастық туралы Меморандум бекіткен және онда инвестор үшін ауыртпалық түсіретін міндеттемелер қарастырған.

Облыс прокуратурасының араласуынан кейін Меморандумның күші жойылды, жер пайдаланушылармен келісімге қол жеткізілді және электр желілерінің құрылысы басталды.

Инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында Фронт – офис құрылды және Қарағанды облысы прокуратурасының мобильді тобы тәулік бойы жұмыс істейді (байланыс телефоны +7 778 099 91 11).

Өзгелердің жаңалығы