Қарағанды облысында 200-ге жуық адам эвакуацияланды

9 Қаңтар 2024, 15:33
428
Бөлісу:
Қарағанды облысында 200-ге жуық адам эвакуацияланды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен

Қарағанды облысының автожолдарынан 200-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен тәулікте Қарағанды облысының автожолдарында ТЖД және ә/б күштерімен 52859 ТЖМ қар құрсауында қалған автомобильдерден 190 адам, оның ішінде 27 бала жақын елді мекендерге эвакуацияланды. Қарағандылық джиперлер тобы тағы да қар тұтқындарынан машиналарды шығаруға көмектесті.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 172 адам жылыту пункттерінде орналастырылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Сегізінші қаңтарда Ақтоғай ауданының Жидебай ауылдық округінде құтқарушылар 1997 және 1973 жылы туған екі адамды іздестірді. Жетінші қаңтарда таңертең олар "Нива" көлігімен мал іздеуге шығып, қайтып оралмаған. Олармен байланыс болмады. Іздеу тобы 8 қаңтар күні таңертең жоғалған адамдарды Тінәлі қыстағының маңынан тапты. Белгілі болғандай, жоғалғандардың көлігі бұзылып, қыстаққа баратын жолды қар басып қалған. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады, – деп хабарлайды ТЖД.

Бүгінде Қарағанды облысының автожолдары барлық бағыттар бойынша ашық.

Өзгелердің жаңалығы