Қарағанды облыстық ауруханасында бір жылда 13 мыңнан астам тегін ота жасалды

28 Наурыз 2022, 12:45
1244
Бөлісу:
Қарағанды облыстық ауруханасында бір жылда 13 мыңнан астам тегін ота жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері 3841 жоспарлы және 9211 шұғыл ота жасады. 

Бұл туралы Қарағанды облысы әімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың барлығы пациенттер үшін тегін болды. Жоспарлы көмек МӘМС шеңберінде, ал шұғыл көмек – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша көрсетілді.

Ең жиі кездесетін оталардың ішінде омыртқааралық жарық, қалқанша бездегі қатерлі ісіктерді жою, өт қабын лапароскопиялық алып тастау, лапароскопиялық аппендэктомия, аяқ-қол, өкпе және бронх, жамбас мүшелеріне хирургия, уретралды стенттеу болды.

МӘМС шеңберінде орындалатын операциялардың қатарында бүйрекке, көкбауырға, бауырға және өт шығару жолдарына лапароскопиялық операциялар, асқазанға реконструктивті операциялар, бариатриялық операциялар (семіздік кезінде). Шұғыл көмек, оның ішінде операциялар ТМККК-ге кіреді және мәртебесіне қарамастан тегін көрсетіледі. Науқасқа жедел немесе шұғыл көмек қажет болған кезде, әрине, науқастың мәртебесіне ешкім қарамайды. Дәрігерлердің басты міндеті – науқастың денсаулығына немесе өміріне төнген қауіпті жою, – деп толықтырды хирургия бойынша ОКА директорының орынбасары Борис Цхай. 

Айта кету керек, шұғыл медициналық көмек кенеттен болған жіті аурулар мен жағдайлар кезінде, денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау және өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды талап ететін созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетіледі.

Шұғыл медициналық көмек пациенттің өміріне айқын қауіп төндірмейтін кенеттен жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы