Қарағанды – Екатеринбург автобус қатынасы қайта іске қосылады

14 Желтоқсан 2021, 14:41
893
Бөлісу:
Қарағанды – Екатеринбург автобус қатынасы қайта іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды-Екатеринбург халықаралық автобус рейсі қайта жанданады. Бағыт Петропавл, Челябі және Қорған арқылы өтеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Билеттерді Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск, Ақтас, Қарқаралы автостанцияларының кассаларында, сондай-ақ автовокзалдар терминалдарында түскі үзіліссіз және демалыссыз сатып алуға болады.

Билеттерді автобус жөнелтілгенге дейін 30 күн бұрын онлайн брондау және сатып алу қол жетімді. Төлем интернет, интернет-банкинг және терминалдар арқылы  жүргізіледі.

Жүру күні – 23, 26, 30 желтоқсан.

Жүру уақыты – 10:00.

Өзгелердің жаңалығы