Қарағанды облысы – Қазақстанның орталық бөлігіндегі, Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан облыс, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысы аумағы мен өндірістік әлеуеті жағынан ең үлкен, пайдалы қазбалар мен шикізатқа бай аймақ. Облыстың жаңа аумағы 4239,1 мың км² құрайды. Облысқа 6 қала (Балқаш, Қарағанды, Приозерск, Саран, Теміртау, Шахтинск) және Абай, Ақтоғай, Бұқар-Жырау, Қарқаралы, Нұра, Асақарлы және Шет аудандары кіреді.
Әрине, Қазақстан Республикасының орталық аймағы нарықтық экономика жағдайында қарқынды дамып келеді, бірақ туризм саласына келетін болсақ, ол тек ұзаққа созылған қалыптасу сатысында қалып отыр. Қызмет көрсету саласы мен туризмнің барлық инфрақұрылымы Кеңес дәуірі кезінде қалыптасқан деңгейде және, өкінішке орай, ілгері жылжыйтын түрі жоқ, жылжыса да, ол мемлекет тарапынан емес, жеке адамдардың арқасында. Билік, әрине, аймақта туризмді дамыту үшін түрлі бағдарламалар әзірлеп, оны іске асырып жатыр, бірақ олардың орындалуына жергілікті деңгейде жауаптылар аз.
Ал жалпы Орталық Қазақстанды табиғи ресурстарға қуатты аймақ ретінде дамыту үшін алдымен инфрақұрылымды жақсарту, шекарадан өту ережелерін жеңілдету немесе ең болмағанда елімізде көші-қон қызметінің үздіксіз жұмысын жолға қою қажет. Ескі қонақ үйлермен қатар инфрақұрылымдық кемшіліктерге жолдардың сапасыздығы, тамақтандыру қызметінің нашар ұйымдастырылуы, қонақжайлылық секторында білікті кадрлардың жетіспеушілігі жатады.
Қарағанды облысына адамдар түрлі мақсатпен келеді. Мұнда адамдардың көпшілігі кәсіпкерлік мақсатпен келеді (резиденттер – 1 437 мың адам, резидент еместер – 544 мың адам). Орталық Қазақстанға адамдар демалу және тынығу, туыстарына бару, сондай-ақ емделу және сауда жасау мақсатында келеді. Ең төмен дамыған түрі - бұл діни туризм, өйткені бұл аймақта үлкен діни орталықтар мен ғибадат орындары жоқ. Сондай-ақ, соңғы кездері шопинг туризмі дамып келеді, оның себебі көрші облыстармен салыстырғанда бағаның төмендігі.
Орталық Қазақстанның туристік әлеуеті бай және алуан түрлі. Бұл жерде аңшылық пен балық аулау, оның ішінде ұлттық аңшылық түрлерінен бастап, Қарқаралының әдемі табиғаты, Балқаш көлі туристер арасында танымал.
Кеңес Одағында туризм идеологиялық қызмет атқаратын және өзінің басым рөліне қарамастан қалдықтық негізде қаржыландырылатын және айтарлықтай экономикалық маңызы болмаған мәдени-ағарту жұмысы жүйесінің элементтерінің бірі болғанын атап өткен жөн. Қарағанды облыстық туризм және экскурсия жөніндегі кеңеске түсетін пайда өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін жыл сайын артып отырды.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан басынан бері туризм саласында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Кешенді болжам жасауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға, туризмді аумақтық ұйымдастыруға және мемлекеттік емес туристік құрылымдарға көңіл бөлінбеді. Сонымен қатар, туризм саласындағы жағдайға әсіресе туризмді дамытуға жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі түрде қайта құрылуы және оларды ұстауға бөлінетін қаржының қысқаруы теріс әсер етті. Туризмнен түсетін кірістің басым бөлігі жергілікті бюджетке түсетініне қарамастан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының туристік қызметті басым бағыт ретінде мойындамауы саланың дамуына кедергі келтіретін фактор болды.
Орташа бағадағы қазақстандық қонақүйдегі кез келген нөмірдің стандартты жабдықталуына ванна бөлмесі, дәретхана, екі бір кісілік кереует, теледидар, тумбочка, кофе үстелі және гардероб бар екі бөлмелі люкс кіреді. Әрине, жоғары санаттағы қонақүй нөмірлерінде отыру бөлмесі, телефон, интернет, тоңазытқыш, мини-бар және кем дегенде қонақ бөлмесі, оқу бөлмесі және жатын бөлме бар. Бірақ облыс аумағында мұндай қонақүйлер өте аз, бұл шетелдік қонақтардың қызығушылығын азайтады. Қонақ үйлердің көпшілігі өздерінің, қазақстандық туристерге арналған, олар үшін стандартты нөмір жеткілікті.
Орналастыру нысандарына негізгі келушілер – тұрғындар. Олардың мақсаты іскерлік және кәсіби саяхат, ал демалыс мақсатында келушілер саны аз. Резидент емес келушілер негізінен іскерлік және кәсіби мақсатпен келеді. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары көп өзгере қойған жоқ.
Туристік фирмалардың саны жылдан жылға көбейіп келе жатқанымен, олар көбіне ішкі туризмді емес, шығу туризмін дамытып жатыр. Сонда да, бәсекелестік ортаның қалыптасуына байланысты қызмет көрсету сапасын көтереді. Өйткені нарық көрсеткендей бәсекелестер көп болған кезде компаниялар клиенттерге жақсырақ қызмет көрсетеді.
Облыста еліміздің курорттық зоналарының екеуі орналасқан: Қарқаралы және Балқаш курорттық зонасы. Ұлттық статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Қарқаралы курорттық аймағында 2020,2021,2022 жылдары орналастыру орындарына жүгінген адам саны көбейіп (сәйкесінше 16 209, 18 499, 23 627), ал 2023-2024 (1 тоқсан) жылдары адам саны азайған (сәйкесінше 10382 және 149). Елімізде барлық орналасу орындары тіркелмегенін және олардың мәлімет тапсырмайтынын ескерсек, бұл көрсеткіштердің шын мәнінде құбылмалы екенін түсінуге болады. Ал Балқаш курорттық зонасында көрініс басқаша. Бұл аймақтың тұрғындар арасында танымалдығы артып келе жатқандығына нақты дәлелдер арқылы да көз жеткізуге болады. Мәселен, соңғы 5 жылда олардың саны бірнеше есе артқан. Егер 2020 жылы бұл аймақта 39 554 адам демалса, 2024 жылдың алғашқы тоқсанында 11 655 адам тіркелген. Ал былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бұл зонада ресми мәліметтер бойынша 106 042 адам демалған. Бұл жерде азаматтарымыз ешкімнің көмегіне жүгінбей, өз еркімен демалатынын ескере кеткен жөн.
Туристік қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлердің саны дп жылдан жылға өсіп келеді. Бұл жеке тұлғалардың еліміздің туристік ағуалын дамытуға мүдделілігін көрсетеді. Олар көбінесе тамақтандыру, орналастыру, тасымалдау, экскурсиялық бағытта қызмет көрсетеді.
Соңғы жылдары бұл аймақтағы туристік фирмалар шетелде өндірілген туристік өнімдерді сату арқылы көбірек пайда табуда. Себебі, тұрғындар ел ішінде емес, шетелде демалғанды жөн санайды.
Ұлттық статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2023 жылы Қарағанды облысына келіп-кеткен туристердің саны 411 мыңды құраған, ол жалпы ел аумағына келіп-кеткен туристердің 3,7-ақ пайызын құрайды.
Еліміздің климаттық ерекшеліктеріне сай, Қарағанды облысының ең туристік мүмкіндігі жоғары Балқаш курорттық зонасынының туристік мерзімі өте аз. Оның өзі жаздың 3 айында ғана туристерді қабыл алады.
Аймақ туризмді дамытудың орасан зор мүмкіндігіне ие. Оның еліміздің орталық бөлігінде орналасуы туризм бойынша ел шекарасынан және теңіз жағалауынан алыс болғанымен, экономикалық-географиялық жағынан қолайлы. Еуропалық масштаб бойынша үлкен аумағы Австрия және Италия сияқты туризм жағынан дамыған елдерді қоса алғанда да аумағы үлкен. Сондықтан аймақта туристерге көптеген экскурсиялар және әртүрлі саяхаттар бойынша қызықты маршруттарды ұсынуға және рекреациялық мүмкіндіктерді дамытуға болады. Облыстың сыртқы экономикалық байланысының географиясына 43 әлем елдері кіреді, оның ішінде, ірі сауда серіктестері болып мыналар саналады: Украина, Беларусь, Ресей, Қытай, АҚШ, Швейцария, Болгария, Венгрия, Индия, Германия, Оңтүстік Корея, Тайланд, Иран, Румыния және т.б.
Облыс аймағы елдің оңтүстік облыстары арқылы Өзбекстан және Қырғыстан елдеріне жол жалғайды, ол өзара халықаралық туристік маршруттарды ұйымдастыруда қолайлы жағдай туғызады. Облыстың транспорттық-экономикалық жағдайының жақсаруы астананың Алматыдан Ақмолаға ауысуына байланысты. Өйткені трансқазақстан магистралі бойынша теміржол қатынасындағы жолаушылар саны тез өсті, Астана-Алматы автожолында күрделі жұмыс жүргізілді, 1001 шақырымды құрайтын Қарағанды-Алматы ақылы тасжолы қосылды. Сондықтан да бұл облысы аумағы арқылы транзиттік туристік ағынын көбейту перспективасы да қарастырылған.
Аумақтың дамуының тұрақты негіздеріне келер болсақ, этно-мәдени туризмді дамытуды қолға алу керектігін айта кеткен жөн. Археологиялық және тарихи ескерткіштер, қайталанбас архитектура, ұлттық мейрамдар және дәстүрлер, фольклор және музыка, сәндік-қолданбалы өнер, қолөнер мен үй кәсібі, тағам, рухани жүйе және этикалық құндылық - бұның бәрі аймақтың мәдениетінің бұзылмас бір бөлігі. Қазір әрбір ұлттың ұлттық ерекшелігіне қызығушылық жоғары. Әрбір аймақ туристі тартуда тартымды элементтеріне ие.
Ыңғайлы экономикалық-географиялық жағдайлармен және рекреациялық потенциалы жоғары деңгеймен сипатталатын ауданның бірінші тобына Қарқаралы ауданы және Балқаш көлі, Қарағанды, Теміртау қалалары жатады. Олардың туризмді дамытуда келешегі мол.
Тартымды көрнекті орындарын көрсету: тарихтан, археологиядан, архитектурадан және монументті өнерден; мұражайлардан және көрмелерден; істеп тұрған мешіттер, шіркеулер, қасиетті қажылық орындары. Көрсету объектілердің, табиғаттың әдемі орындардың сапалы суреттерін іріктеп алу.
Қандай жерде уақытты жақсы өткізуге, тамақтануға болатынын мәлімдейтін жаңа туризм объектілері. Мейрамханалар, барлар, сауналар, боулинг-орталықтар, теннис корттарының адрестері мен ерекшеліктерін көрсету.
Туризмнің экзотикалық түрі. Мұнда шытырман туризм түрлерін ұсынуға болады: ат, аңшылық және балық аулау, осындай қызмет түрлерін ұсынушы фирмалардың аңшылық-балық аулау шаруашылығының мекен-жайларын көрсету.
Тұрғындардың рекреациялық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын мүмкіндік транспорттық коммуникацияның жабдығы. Облыстың аумағының кеңдігі, өндірістік орталықтардың бытыраңқылығы, сонымен қатар аудандар арасындағы байланыстың дамуы жақсы салынған магистральдерді талап еткен еді. Қазір ол мәселе шешімін тапты
Қазіргі уақытта облыс аумағында транспорттың барлық түрі айтарлықтай дамыған. Теміржол жүйесі үш негізгі өндірістік ауданды байланыстырады, яғни Қарағанды және Балқаш. Облыстағы жалпы қолданыстағы темір жолдың эксплуатациялық ұзындығы - 1650 км.
Жалпы қолданыстағы автомобиль жолының ұзындығы - 8,3 мың км құрайды. Өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін, жолаушыларды автомобильді тасымалдаудың өсуі жаңа магистральды тасжолдың салынуына алып келді.Ақтоғай, Шет, Абай және Осакаров аудандар аумағы арқылы өтетін Алматы - Қарағанды - Астана - Қостанай - Челябинск халықаралық маңызы бар жол Алматы-Астана магистралі күрделі жөндеуден өтті. Ұзындығы 380 км Қарағанды-Балқаш трассасы осы магистральдің негізгі бөлігін құрайды. Мемлекеттік маңызы бар Қарағанды - Матақ - Қарқаралы - Егіндібұлақ автожолы Қарқаралы орман оазисін Қарағанды - Теміртау өндірістік торабымен байланыстырады. Қарағандыдан Қарқаралыға дейін шоссе арқылы 225 км. Облыс орталығы Қарағанды - Қарағайлы темір жолымен байланысқан.
Су транспорты Балқаш көлінде дамыған: катерде және катамарандағы демалыс, сонымен қатар байдаркадағы және каноэдегі спорттық жарыстар. Тағы көл арқылы Лепсі, Қаратау, Іле сағаларында орналасқан Алматы облысының балық аулау шаруашылығымен байланыс орнаған. Облыс Орталық Азия мемлекеттерін Ресеймен, және де елдің оңтүстігі мен солтүстігін қосатын өте пайдалы теміржол және автомобиль жол торабында орналасқан.
Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту Концепциясында туризм инфрақұрылымын дамыту мақсаты бірінші орынға қойылған. Республикада кәсіпкерлік қызметке және туристік бизнестегі инвестициялық белсенділікке мемлекеттік деңгейде қолдау керек. Ішкі және халықаралық нарықта белсенді жылжуына отандық туристік индустрия қонақ үй кәсіпорындарының және мейрамханалар, қызметтердің дамуына жәрдемдесу керек. Осы мақсаттарды бірінші кезекте орындау жалпы туризм инфрақұрылымының және индустриясының дамуына үлкен үлес қосады.
Қарағанды облысы туристік ресурстарға бай, туристік саланы дамытуда потенциалы жоғары аймақтардың бірі. Бірақ қазіргі уақытта аталған саланы дамытуды тежеп отырған мәселелер қатарын қолға алсақ, болашақта еліміздің экономикасына туристік сала арқылы пайда әкелетін аймақтардың біріне айналары сөзсіз.