Қарабаев Алматы облысындағы өнеркәсіптік нысандардың қызметімен танысты

20 Ақпан 2023, 19:25
1244
Бөлісу:
Қарабаев Алматы облысындағы өнеркәсіптік нысандардың қызметімен танысты
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Инудустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Алматы облысына жасаған іссапары кезінде «Қайрат» индустриялық аймағының қызметі мен Талғар ауданындағы «ТехноНИКОЛЬ – Орталық Азия» ЖШС инвестициялық жобасының іске асырылу барысын бағамдап қайтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  «Қайрат» ИА шамамен 200 гектарға жуық жерді алып жатқан Алматы облысындағы жаңа өнеркәсіптік алаң. Мұнда машина машина жасау, химия және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту көзделген.

Қарабаев Алматы облысындағы өнеркәсіптік нысандардың қызметімен танысты

Ведомство басшысы аталған нысанға барып, мұндағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Мәселен, қазір бұл индустриялық аймақ қажетті инженерлік инфрақұрылымды дайындауға байланысты қиындықтарға тап болып отыр. Осының салдарынан «ТехноНИКОЛЬ-Орталық Азия» ЖШС-нің өндірістік қуаты жылына 500 мың текше метр болатын жылу сақтайтын полимерлі өнім түрлері мен тас мақтасын өндіретін зауыттарының құрылысы белгіленген мерзімнен артта қалып келеді. Осы мәселені шешу үшін мемлекет-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы инфрақұрылымды жеделдетіп тарту жұмыстары жүргізілмек.

Қарабаев Алматы облысындағы өнеркәсіптік нысандардың қызметімен танысты

Сондай-ақ министр Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаевпен бірге теміржолдарға арналған пластмасса бұйымдарын өндіру мен пластик қалдықтарын өңдеумен айналысатын «ДорПласт-инвест» ЖШС-не аялдады.

Бұл кәсіпорын 2005 жылы ашылып, Қазақстанда алғашқылардың бірі болып кристалды ПЭТ қалдықтарын түйіршіктеуді жолға қойды. Сапар барысында қуаттылығы сағатына 500 кило ПЭТ бөтелкелерін өңдеуге қауқарлы желі іске қосылғанын айта кетейік.

Қарабаев Алматы облысындағы өнеркәсіптік нысандардың қызметімен танысты

Бұдан басқа осы сапарында Марат Қарабаев жергілікті БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізіп, сонымен қоса азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап және Алматы облысының халқымен, оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарының, құрылыс және жол ұйымдарының өкілдерімен кездесті

Өзгелердің жаңалығы