Қара түсті аққуларды қайдан көруге болады?

1 Сәуір 2023, 15:45
1276
Бөлісу:
Қара түсті аққуларды қайдан көруге болады?
Фото: zoostore.pro

Қарағанды зообағына осыдан біраз уақыт бұрын әкелінген қара аққулар карантин мерзімнен шықты. Енді олар өзге құстармен бірге өмір сүреді. Жабайы табиғатта өте сирек кездесетін сұлулық символы тәлімбаққа өткен жылдың соңында жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ. «Хабар 24» сілтеме жасап. 

Қарағандыға алғаш келген қара аққулардың жалпы табиғаттағы ерекшелігі – осы. Олар бір-бірімен саңқылдап тілдеседі. Шымкент қаласынан жеткізілген құстардың жасы 5-тен асқан. Негізі біздің елде аққудың сыбырлақ және сұңқылдақ аққу деген 2 түрі ғана бар. Қара аққулар да Қарағандыға тез үйренген. 

«Бұл Аустралияда, АҚШ, Жаңа Зеландия жақта өмір сүреді. Қазір бұлардың жағдайы өте жақсы. Бұлар табиғатта көбіне ұшып кетпейді, бір тоғанда өмір сүре береді. Содан кейін балапан басады 5-7 сегізге дейін барады. Сосын балапандарын бірге аяқтандырады. Құстардың тәбеті жақсы, оларға берілетін азық қатаң бақыланады. Өткен жылы зообақ әкімшілігі аң-құсқа қалдық әкеле сап құтылғысы келген 26 мердігермен соттасып, келісімшартты бұзыпты. Құстардың ас-суы дұрыс болса, жағдайы да жақсы болады», – дейді мамандар. 

Жалпы, хайуанаттар бағы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарларға пана. Аққумен қатар мұнда қара тұмсықты тукандар әкелінген. Бұдан өзге зообақты тауыстар да түрлендіріп тұр. Осындай құстың 40 түрі мен 175 басы бар. 

«Біз жақында ақ тауыстың аталығын алып келдік. Себебі біздегі 5 тауыстың барлығы аналыққа жатады екен. Енді жақында әдемі құстар тіптен көбейе түседі деп күтіп отырмыз. Себебі аталық павлин жақында ғана карантиннен шығып осында қосылған, 5 бірдей аналықтың қоршауында қалды. Оған бұл жер өте ұнайтын секілді»,– дейді Қарағанды зообағының директоры Гүлнар Адамбекова.

Айта кетейік, 1 сәуір құстарды қорғау күні. 

Өзгелердің жаңалығы