Қар жеп, бес күн далада жүрген: Абай облысында жоғалған малшы құтқарылды

Малшы аман-есен табылды.

 ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов Бүгiн 2026, 16:49
Бүгiн 2026, 16:49
102
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Абай облысында далада бес күн жүрген малшы құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өткен түні құтқару қызметіне адамның жоғалғаны туралы хабар түскен. 1969 жылы туған ер адам 17 наурыз күні Абай облысының Абай ауданында орналасқан шаруа қожалығынан жылқымен мал іздеуге шығып, қайта оралмаған. Оның нақты қайда жүргені белгісіз болып, телефоны да өшірулі тұрған.

Іздеу жұмыстарына ТЖМ-нің жол талғамайтын техникадағы күштері, полиция қызметкерлері және жоғалған адамның туыстары жұмылдырылды, - деп атап өтті министрліктен.

22 наурыз күні таңертең іздеу тобы ер адамды далада тауып алды. Малшыға ыстық шай беріліп, жарақаттанған аяғы таңылды. Кейін оған медициналық көмек көрсету үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді.

Наверх