Алдағы үш тәулікте қар жауып, бұрқасын болады

23 Желтоқсан 2019, 16:51
3222
Бөлісу:
Алдағы үш тәулікте қар жауып, бұрқасын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2019 жылғы 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжамынша, 22 желтоқсан - қысқы күн тоқырауы мен астрономиялық қыстың басы саналады. Ал қазір күнтізбелік және метеорологиялық қыстың нағыз қызған кезі. 

Қазақстан арқылы белсенді атмосфералық фронттар және антициклондар бірінен кейін бірі жылжиды.

Осыған байланысты республиканың басым облыстарында алдағы тәуліктерде қар жауу, бұрқасын, кей жерде екпінді жел күтіледі. Ал суық фронттың артынан республикаға антициклон ығысып, жауын-шашынның тоқтатылуын және ауа температурасының төмендеуін туындатады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы