Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қар, жаңбыр, аяз бен боран: 5 ақпанда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

5 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі – кей жерде жаңбыр мен қар, көктайғақ, тұман, екпінді жел және жаяу бұрқасын болады. Ауа температурасы сәл көтерілгенімен, артынша күрт суытуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Астана – құбылмалы бұлтты. Күннің екінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік бағыттан: түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8° аяз, күндіз шамамен 0°.

Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде −1°…+1°, күндіз +9…+11°.

Шымкент – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+6°, күндіз +15…+17°.

Ақмола облысы – түнде облыстың батысы мен солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Күндіз батыс, солтүстік және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, кей жерде күшті жауын-шашын. Тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде −3…−8°, шығысында −11°, күндіз −3°…+2°.

Көкшетау – жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Түнде −6…−8°, күндіз −1°…+1°.

Алматы облысы – жауын-шашынсыз. Оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде −3°…+2°, тауда −6…−11°, күндіз +8…+13°.

Қонаев – тұман, жауын-шашынсыз. Түнде −2…0°, күндіз +8…+10°.

Жетісу облысы – жауын-шашынсыз. Солтүстігі, орталығы және таулы аймақтарында тұман. Алакөл маңында желдің екпіні 23–28 м/с. Түнде −5…−10°, тауда −16°, күндіз +5…+10°.

Талдықорған – түнде −8…−10°, күндіз +5…+7°.

Түркістан облысы – батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, солтүстігі мен таулы өңірлерде жауын-шашын. Тұман. Таулы асуларда жел екпіні 23-28 м/с. Түнде +3…+8°, күндіз +13…+18°.

Түркістан – жаңбыр, түнде +4…+6°, күндіз +13…+15°.

Батыс Қазақстан облысы – жауын-шашынсыз, тұман. Түнде −23…−28°, күндіз −15…−20°.

Орал – түнде −25…−27°, күндіз −18…−20°.

Атырау облысы – жауын-шашынсыз, кей жерде жаяу бұрқасын. Түнде −17…−26°, күндіз −12…−17°.

Атырау – түнде −17…−19°, күндіз −12…−14°.

Маңғыстау облысы – қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Түнде және күндіз −5…−10°, солтүстік-шығысында −15°.

Ақтау – −5…−7°.

Қостанай облысы – қар, кей жерде жаңбыр аралас, боран, көктайғақ, тұман. Түнде және күндіз −5…−10°.

Қостанай – −7…−9°.

Солтүстік Қазақстан облысы – жаңбыр мен қар, боран, көктайғақ, тұман. Түнде −9…−14°, күндіз 0…−5°.

Петропавл – −2…−4°.

Павлодар облысы – жауын-шашынсыз. Түнде −19…−24°, күндіз −3…−8°.

Павлодар – −5…−7°.

Қарағанды облысы – батысында жауын-шашын, көктайғақ, тұман. Түнде −8…−13°, күндіз −2°…+3°.

Қарағанды – түнде −8…−10°, күндіз 0…+2°.

Ұлытау облысы – жауын-шашын, боран, көктайғақ, тұман. Түнде −1…−6°, күндіз −1°…+4°.

Жезқазған – 0…+2°.

Шығыс Қазақстан облысы – жауын-шашынсыз, тұман. Түнде −17…−22°, күндіз −5…−10°.

Өскемен – −5…−7°.

Абай облысы – жауын-шашынсыз, кей жерде жаяу бұрқасын, тұман. Жел екпіні 23–28 м/с. Түнде −17…−25°, күндіз −5…−10°.

Семей – −5…−7°.

Қызылорда облысы – жаңбыр мен қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман. Түнде 0…+5°, күндіз +3…+8°.

Қызылорда – түнде +3…+5°, күндіз +6…+8°.

Жамбыл облысы – кей жерде жаңбыр, тұман, жел екпіні 23 м/с. Түнде 0…+5°, күндіз +13…+18°.

Тараз – түнде 0…+2°, күндіз +16…+18°.

Өзгелердің жаңалығы