Қар, тұман, көктайғақ. Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2023, 07:45
493
Бөлісу:
Қар, тұман, көктайғақ. Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: архив

Астанада және еліміздің 13 облысында 24 қазанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астанада оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп күтіледі.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні - 25 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі. Таңертең және түстен кейін облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады деп күтіледі.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында шығыстан соққан желдің 15-20 м/с, түнде 25 м/с болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысында солтүстігінде , күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен өңірдің батысында, оңтүстігінде жел соғады, кей тұста 23-28 м/с болады деп болжанады. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. 25 қазанда күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15/20 м/с құрайды, 26 қазанда өңірдің таулы аудандарында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, түнде үсік жүреді деп болжанады. Таразда тұман болады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде Түркістан облысының таулы ауданы мен тау бөктерінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында сынап бағаны 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп күтіледі. Шымкентте түнде тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Павлодарда күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады деп болжанады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 23 м/с. Қостанайда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Алматыда түнде тұман болады.

Өзгелердің жаңалығы