Қар көшкіні қаупі: Шығыс Қазақстанда жол жабылды

1 Сәуір 2024, 02:05
383
Бөлісу:
Қар көшкіні қаупі: Шығыс Қазақстанда жол жабылды
Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының учаскесінде (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Сондықтан халықты алыс жолға шыққанда маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы