"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша республикамыздың басым бөлігінде қар жауып, боран борайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20 ақпанда скандинавиялық циклонның жүруіне және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің көп бөлігінде тұрақсыз ауа-райы болады: қар жауып, ақтүтек боран болады, батыс өңірлерде және оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын болмайды. Қазақстанның басым аумағында көктайғақ, тұман, қатты жел болады деп күтіледі.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауып, боран болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік таңертең және түстен кейін соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Атырау қаласында тұман, көктайғақ болуы ықтимал.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман болады деп болжанады. Ақтауда тұман түседі.