Қар барысын атып алған қырғыз азаматы оның терісін сатпақ болған

2 Қазан 2022, 17:19
1451
Бөлісу:
Қар барысын атып алған қырғыз азаматы оның терісін сатпақ болған

Бішкек базарында қар барысының бас сүйегі мен терісін ұстап жүрген қырғызстандық ұсталды,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бішкек полициясы «Құдайберген» базарының маңында барыстың бас сүйегі мен терісі бар қырғызстандықты қолға түсірді.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жергілікті тұрғын Талас облысының биік таулы аймағында қар барысын атып алған. Оның үстінен жануарлар мен өсімдіктерді жою бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс материалдары Талас облыстық ішкі істер департаментіне тапсырылды.

Белгілі болғандай, Қызыл кітапқа енген барысты өлтірген 48 жастағы күдікті жануарды қойларына шабуыл жасау кезінде атып алғанын айтқан. Осыдан кейін ол жануардың етін сойып, терісі мен бас сүйегін үйіне алып келген.

Былтыр Ошта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері үш барыстың терісін сатпақ болған қырғыз азаматын ұстаған болатын. Қауіпсіздік қызметі ұсталған азамат оны 4,5 мың долларға сатпақ болған.

Қар барысы Орталық Азия тауларында мекендейді.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының мәліметі бойынша, планетада төрт мыңға жуық қар барысы қалған. Жануар мекендейтін 12 елдің Қызыл кітабына енгізілген. 2017 жылы Қырғызстанда барысты атып, аулағаны үшін салынатын айыппұл 500 мың сомнан 1,5 миллион сомға дейін көтерілді.

Өзгелердің жаңалығы