Қар аралас жаңбыр: 24 наурызға арналған ауа райы болжамы

23 Наурыз 2025, 21:51
1788
Бөлісу:
Қар аралас жаңбыр: 24 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

Синоптиктер алдағы дүйсенбі, 2025 жылғы 24 наурызға арналған ел бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр аралас қар күтіледі.

Елдің оңтүстігінде нөсер жаңбыр, оңтүстік-шығыста, батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде, – деп жазылған ақпаратта.

Сондай-ақ ел аумағында тұман мен желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста – көктайғақ, оңтүстікте – найзағай болжануда.

Өзгелердің жаңалығы