Қапшағай қаласына жаңа əкім тағайындалды

25 Мамыр 2020, 19:36
2611
Бөлісу:
Қапшағай қаласына жаңа əкім тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының əкімі Амандық Баталов қаланың жаңа əкімі Нұрлан Құматаевты таныстырды.

Амандық Баталов қалалық мəслихаттың кезектен тыс 71-ші сессиясында депутаттармен кездесіп, Қапшағайды бұған дейін басқарған Талғат Қайнарбековтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа əкімнің кандидатурасы Президент Əкімшілігінің келісімімен ұсынылып отырғанын айтты.

Нұрлан Орынбасарұлының өмірбаянына қысқаша тоқталған облыс басшысы жаңа əкімнің бар жинақтаған тəжірибесін, күш-жігерін қаланың дамуына арнайтынына сенім білдірді. Депутаттар кандидатураны бірауыздан қолдады.

Алматы облысы əкімінің өкімімен Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев Қапшағай қаласының əкімі болып тағайындалды.

Нұрлан Орынбасарұлы ҚҰМАТАЕВ

1970 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын стоматолог дəрігер, Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер, Шет тілдер жəне іскерлік карьерасы университетін экономика бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы #4 стоматологиялық емханасының стоматолог дəрігері болып бастаған. Əр жылдарда Іле ауданы Жетіген ауылдық округі əкімінің орынбасары, Іле ауданы əкімі аппараты Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Іле ауданы Байсерке ауылдық округі əкімінің орынбасары, Іле ауданы əкімі аппараты Шағын жəне орта бизнес, Жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің бастығы болды.

2016 жылдың ақпанынан - Іле ауданы əкімінің орынбасары.
Өзгелердің жаңалығы