Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңалбек Бекиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қаңтар айындағы оқиғалар кезінде Алматы қаласының әуежайында жасалған қылмыстарды тергеумен айналысатын көліктегі ПД тергеу-жедел тобы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында Алматы қаласында тұратын Жамбыл облысының 24 жастағы тумасы анықталып, ұсталды.
Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында ұсталған азамат тәртіпсіздіктердің басқа қатысушыларымен бірге қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы қаласының әуежайына қарулы шабуыл жасағандығы, содан кейін сыбайластарымен бірге Алматы қаласы ПД ғимаратына барғаны анықталды. Тәртіп сақшыларымен бірге полиция департаментінің ғимараты таңғы сағат 6 - ға дейін қоршалды, - деп түйіндеді полиция генерал-майоры.
Осыдан кейін ол ұрланған қаруды белгісіз тұлғаға 40 мың теңгеге сатқан.
Ұсталған адамға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу амалдары жүргізілуде - деді Бекиев.