Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан курсанттардың отбасыларына баспана беріледі – Тоғжанов

6 Сәуір 2022, 13:31
1525
Бөлісу:
Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан курсанттардың отбасыларына баспана беріледі – Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан күш құрылымдарының отбасыларына баспана берілетінін айтты.

Премьер-министрдің орынбасары атап өткендей, қаңтардағы оқиға кезінде қауіпсіздік күштерінің, оның ішінде шекара академиясының үш курсанты қаза тапты.

Бүгінде нақты шешімдер бар. 19-дан 13-ке дейінгі нақты мәселелер шешіліп, баспана берілді. Алты, оның ішінде Шекара академиясының курсанттарына қатысты облыс әкімдерімен жеке сөйлестім, мәселе 25 сәуірге дейін шешіледі. Әр әкіммен жеке сөйлестім, мәселе ерекше бақылауда тұр, - деп толықтырды Үкімет мүшесі Ералы Тоғжанов.

Өзгелердің жаңалығы