Қаңтарда қай өңірде ең көп баспана берілді

13 Ақпан 2024, 10:34
980
Бөлісу:
Қаңтарда қай өңірде ең көп баспана берілді
Фото: gov.kz

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қаңтар айындағы экономикамыздың қорытындысын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8%-ке ұлғайды.

16 өңірде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Алматы, Абай, Жамбыл, Қызылорда облыстарында байқалды. Биыл қаңтарда 1 млн шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың қаңтарынан 3%-ке жоғары, - деп айтты Байбазаров.

Мәліметке сәйкес, ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы