Қаңтар оқиғасында ұрланған мылтық жамбылдық тұрғыннан табылды

22 Тамыз 2022, 12:10
1208
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасында ұрланған мылтық жамбылдық тұрғыннан табылды
Фото: polisia.kz

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған мылтық 27 жастағы Жамбыл облысының тұрғынынан тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарақшыны қаланың криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. 

Ұстау іс-шарасы Әуезов ауданының аумағында болды. Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде аңшылық дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен 27 жастағы К. есімді азамат ұсталды. Қылмыскердің олжасы 12 калибрлі SIBERGUN тегіс ұңғылы мылтық болды. Заттай айғақтар тәркіленді және сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚК-нің 291-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына біріктірілді, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. 

Белгілі болғандай, ұсталған азаматтың бұрын да заңмен мәселелері болған, ол тонау жасағаны үшін сотталған. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы