Қаңтар оқиғасында 900 бейнебақылау камерасы зақымданған – Ахметжанов

5 Қаңтар 2023, 11:38
900
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасында 900 бейнебақылау камерасы зақымданған – Ахметжанов

Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Тәртіпсіздіктер кезінде 25 полиция ғимараты мен 19 модульдік бекет зақымданды. Шығын –  3 млрд теңге. Ғимараттарды қалпына келтіру үшін Үкімет резервінен қаражат бөлінді. Қазір олардың барлығы іске қосылды. 3 модульдік бекеттің жұмысы басталды. 16 бекет – қалпына келтіруге жатпайды, – деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ министрдің сөзінше, Қаңтар оқиғасында 900 бейнебақылау камерасы зақымданды. Бұл Алматы, Шымкент, Ақтөбе Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларында болды.

Бүгінгі күні қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бейнекамералар штаттық режимде жұмыс істейді. Біз бұнымен тоқтамай, қосымша 6 мыңнан астам бейнекамера орнаттық. Оның ішінде Алматыда – 3 050, Таразда – 1 250, Шымкентте – 1000. Бұл жұмыс жалғасуда, – деді Марат Ахметжанов.

Өзгелердің жаңалығы