Қаңтар оқиғасына қатысушыларды үш топқа бөлдік – Абзал Құспан

5 Қаңтар 2023, 12:49
1120
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасына қатысушыларды үш топқа бөлдік – Абзал Құспан

Танымал адвокат, «Аманат» қоғамдық комиссиясының төрағасы Абзал Құспан Қаңтар оқиғасына қатысушыларды үш топқа бөлгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құспан алдымен Қаңтар қасіреті кезінде қаза тапқан барлық азаматтың отбасына, жақындарына көңіл айтты.

Бұл жағдай енді ешқашан қайталанбаса екен деп тілеймін. Тарихтың қойнауына біржолата кетсе екен деп тілейміз, - деді адвокат.

Ол қаңтар оқиғалары бойынша «Аманат» қоғамдық комиссиясының атқарған жұмысын қорытындылап, ұсыныстарын баяндады.

«Аманат» қоғамдық комиссиясы биылғы қаңтар айының 22-сінен бастап жыл аяғына дейін өз қызметін атқарды. Комиссия құрамында адвокаттар мен құқық қорғаушылар, сонымен қатар уәкілетті меморгандар өкілдері бар. 

Тергеу изоляторларына кіруді, қылмыстық іс құжаттарымен танысуды жергілікті прокуратура органдары қамтамасыз етті. Біз Қаңтар оқиғасына қатысушыларды шартты түрде 3 топ бөліп қарастырдық, - деді Абзал Құспан.

Ол мына топтар:

- ұйымдастырушылар;

- арандатушылар;

- арандап қалғандар, яғни әу баста бейбіт митингі деп шығып, ұйымдастырушылар мен арандатушыларға еріп, әртүрлі сипатта құқық бұзғандар.

Негізгі адамдар санын осы үшінші топ құрады. Біздің комиссия осы топпен мақсатты түрде жұмыс істеді. Бір жыл уақыт ішінде мен және комиссия мүшелері басқа шаруаларға мойын бұрмастан, тек қана Қаңтар мәселесімен айналыстық, - деп айтты адвокат Абзал Құспан Мәжілісте жасаған баяндамасында.

Өзгелердің жаңалығы